Әлеуметтік жауапкершілік

Біздің компания әлеуметтік жауапкершілік бағдарламаларын белсенді іске асыруда!

Қоғамға қосқан үлесі

Біздің жақсы болашаққа қосқан үлесіміз!

Біздің компания жас аналар мен балаларға көмек көрсетуге, спортты дамытуға, сондай-ақ білім беру жүйесін қолдауға бағытталған әлеуметтік жауапкершілік бағдарламаларын белсенді түрде іске асыруда.

Компания - «АНА ҮЙІ» қоғамдық қорының  (Ана үйі) Қамқоршылық кеңесінің мүшесі және 2021 жылдан бастап Қорды қаржыландырады.

«АНА ҮЙІ» қоғамдық қоры – 2013 жылдан бастап әлеуметтік жетімдіктің алдын-алу мен жыл сайын балалар үйіне түсетін сәбилер санын азайтуға мақсатында өзінің қызметін жүзеге асыратын қайырымдылық қоры.

Қор балалар мен қоғамның әл-ауқаты үшін жұмыс істеп, әлеуметтік маңызды бағыттардағы іске асырады. Олар:

  1. «Ана үйі» ресурстық орталықтары – өмірдің қиын жағдайларына тап болған және өзінің баласынан бас тартуға ниетті әйелдерге көмек көрсету;
  2. «Бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттік» - балалар үйінен өзінің жанұясына баланы қабылдауға ниет білдірген азаматтарға құқықтық және психологиялық көмек көрсету;
  3.  «Балажан» - балалар интернаттық мекемелерін трансформациялау және мекеме қызметкерлерін балаларды асыраудан отбасылық орналастыруға жәрдемдесуге қайта бағдарлау бағдарламасы.

Қор елдегі әлеуметтік жетімдікті қысқарту бойынша нақты іс-әрекет қабылдайды. Ең бастысы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға  жанұяда өмір сүру және тәрбиелену құқығын іске асыруға мүмкіндік береді.

www.dom-mamy.kz / @dommamy / @nau_usynovlenie.kz

ANTARIUM Group ABYROY спорт командасына қолдау көрсетеді

ANTARIUM Group IQanat білім беру қорына қолдау көрсетеді